Павлодарда «Елімнің тағдыры-менің тағдырым» атты форум өтті

ПАВЛОДАР. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында кеше «Елімнің тағдыры-менің тағдырым» атты форум өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Шарада шаһардың дамуына сүбелі үлес қосқан жандар бас қосты.

«Кеңесте ұстаздар қауымы, халық қалаулылары, спортшылар, кәсіпкерлер мен тәртіп сақшылары сөз сөйледі, - деп атап өтті Ішкі саясат бөлімінің қызметкері Руслан Тілеулесов. - Олардың әрқайсысы өздерінің табысқа қалай қол жеткізгендіктері жайлы баяндады. Бұл кейінгі толқын үшін өмір сүру мен еңбектенудің өнегелі жолы».

Шараға қатысушылар Отанға деген сүйіспеншілік, Қазақстан халқының тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне құрмет жайында әңгіме өрбітті. Олар өскелең ұрпақтың назарын Павлодардың экономика мен спорттағы жетістіктеріне аударды.

«Жастар - мемлекеттің болашағы және қозғаушы күші, - дейді қаладағы жастар мәслихатының хатшысы Батырбек Нукин. - Қазіргі таңда бозбалалар мен бойжеткендер үшін шығармашылықты және кәсіпті қолдау бойынша орталықтар құрылуда. Ал бұл форумның жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға ықпал етері анық».

Соңғы жаңалықтар