09:01, 20 Тамыз 2010 | GMT +5
Павлодарда ертең мектеп жәрмеңкесі өтеді
ПАВЛОДАР. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жаңа оқу жылының қарсаңында, тамыздың 21-і күні Павлодарда дәстүрлі әлеуметтік мектеп жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады ішкі саясат бөлімінен.

Жыл сайын өткізілетін бұл шараның негізгі міндеті - мектеп формалары мен кеңсе тауарларын, негізінен отандық өндірістің өнімдерін арзан бағамен сату.
Білім бөлімдері тұрмысы төмен отбасылардың балаларына киім-кешектер, аяқ киім мен мектеп жабдықтарын сатып алуға көмектеседі. Былтыр «Мектепке әзірлік» шарасының барысында Павлодарда тұрмысы төмен 1 мыңнан астам бала көмек алған болатын.