Павлодарда «Ертіс» әлеуметтік дүкені ашылды

ПАВЛОДАР. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда сегізінші «Ертіс» әлеуметтік дүкені ашылды. Оның сөрелеріндегі азық-түліктерге сауда үстемесі 10-15 пайыздан аспайды. Сиыр еті 650 теңгеден, сондай-ақ май, сүт өнімдері және түрлі көкөністер сатылады.
None
None

«Дүкенге азық-түлікті делдалдарсыз тікелей Қашыр мен Лебяжі аудандарының фермерлері жеткізеді. Сауда орындары үшін жалға алу ақысы өте төмен, деп атап өтті Павлодар әкімі Бақытжан Жоламанов. - Кәсіпкер осы жеңілдік пен тез айналымның арқасында табыс таба алады. Егер дүкен баға саясатына өзгерістер енгізетін болса, ол «әлеуметтік» мәртебесінен айрылады».

«Ертіс» - орталық көшеде, тұрғын үй орамдарына жақын жерде орналасқан. Бұл ауданда осы секілді арзан дүкендердің жоқтығынан, дүкен сатушылары сауда жүрмей қалады деп қорықпауларына болады.

Келесі, тоғызыншы әлеуметтік дүкенді Бектұров көшесінде ашу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар