Павлодарда Ertis Promenade маусымы ашылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  Павлодардағы Орталық жағалауда жаз бойы апта сайын қазақстандық және шетелдік әртістер өнер көрсететін жаңа сахнаның тұсауы кесілді, Концерт маусымын «Джаз түстері» фестивалі, ашты деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Сахна төріне Новосібір облысы және Алтай өлкесінің ұжымдары, павлодарлық саксофон оркестрі мен камералық хор шықты. Музыкалық мереке бес мыңнан астам адамның басын қосты.

«Жағалауда осындай сахна құрғаны керемет. Бұл сахнада әлемге әйгілі шетелдік әртістердің өнер көрсететініне қуаныштымыз. Өз басым мұнда достарыммен бірге ашық аспан астында келіп билеуге дайынмын»,- дейді қала тұрғыны Әсемгүл Исмаилова.

Өңірлік мәдениет басқармасында Орталық жағалауда концерттер әр демалыс сайын өтеді деп уәде беруде. Павлодар қаласына келіп ән салуға ресейлік поп орындаушы Сати Казанова  мен молдавандық әнші Дан Балан келісімін берген.


 Қазақстандық әншілердің қатарынан Меруерт Түсіпбаева, Ринат Малцагов, Роза Мұқатаева, Қайрат Нұртас және «Жігіттер» тобын көруге болады.



Кеше «МұзАрт» тобы келсе, ал бүгін 3 маусымда павлодарлық симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.  

Соңғы жаңалықтар