09:46, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Павлодарда Ертіс жағасында балаларға арналған бассейн ашылды
ПАВЛОДАР. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Арай» ЖШС Ертіс өзенінің жағасында қаланың кішкентай тұрғындарына арнап ашық аспан астында тегін бассейн ашып берді.

Бұл жерде су каруселінде ойнап,су төбешігінен сырғанауға болады.
Балалардың демалыс аймағында «Арай» ЖШС балмұздақтар, сусындар мен кондитерлік тағамдардың сатылуын ұйымдастырып отыр.