17:10, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Павлодарда Естай атындағы республикалық конкурс басталды
ПАВЛОДАР. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Естай атындағы әншілер мен орындаушылардың республикалық конкурсы басталды.

Ол атақты ақын және сазгердің отанында екінші рет өтуде.
Ертіс жағасындағы қалаға келген ән сайысына қатысушылар Ақтоғай ауданындағы Естайдың кесенесінде болды. Атақты қазақ сазгері атындағы конкурс екі турда өтеді.
ҚР мәдениет қайраткерлері Қайрат Байбосыновтың, Тұрсынғазы Рахымовтың, Ербол Айтбаевтың, Құралай Шаймарданованың, Амангелді Қожановтың қатысуымен гала-концерт және марапаттау рәсімі қарашаның 6-сында сүйікті ақынның атымен аталатын Павлодар Мәдениет үйінде өтеді.