Павлодарда Иманжүсіптің 150 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді

АЛМАТЫ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодарда 31 мамырда «Қазіргі кезеңнің мәдени-тарихи дәстүріндегі Иманжүсіп» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
None
None

Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдығына арналған бұл шараны Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұйымдастырғалы отыр. Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде өтетін конференция жұмысында - тарих, философия, этнография; саясаттану, әлеуметтану, педагогика, психология; әдебиеттану, тіл білімі, журналистика; мәдениет және өнертану мәселелері қаралмақ. Ғалымдар, аспиранттар, магистранттар, студенттер, оқушылар және оқытушылардың ғылыми материалдарын жариялау үшін мақалалар қабылдау рәсімі 17 мамырға дейін жүргізіледі деп жоспарлануда.

Әйгілі халық композиторы, әнші, ақын Иманжүсіп Құтпанұлы 1863 жылы Павлодар облысы Ақсу ауданында өмірге келіп, 1929 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында өмірден озған болатын. Оның атасы Тұрғанбай датқа Түркістан қаласы маңындағы Шілік өңірінде би болса, әкесі Құтпан Кенесары көтерілісіне қатысқан батыр адам болған көрінеді. Жас кезінен-ақ серілер дәстүрін ұстап, саятшылық құрып, палуан атанған Иманжүсіп суырып салма ақын, әнші болған. Оның әндері Арқа мен Жетісуда кең таралған. А.Затаевич Иманжүсіптің бірнеше әндерін жазып алып, "Қазақ халқының 1000 әні" атты жинағына да енгізген. Оның "Сарымойын", "Бұғалы мен Тағалы", "Ішім өлген, дүние-ай, құр сыртым сау", "Әкем Құтпан болғанда, ағам Шонай", "Қысырақтың үйірі жирен ала", "Мен қалайша жалғанда тұрақтайын", т.б. шығармалары бүгінгі таңда көптеген дәстүрлі әншілердің реперуарынан тұрақты орын алған.

Соңғы жаңалықтар