Павлодарда қала дамуының рейтингтік көрсеткіштері талқыға түсті
«Ауыл аймақтарда өнім шығару саласы баса назар аударуды талап етеді. Шағын бизнестегі кәсіпорындар активтерінің үлесін арттыру керек, қылмысқа қарсы күреске көп күш салу керек», - деді экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы Татьяна Щичко.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша рейтингтік көрсеткіштерді жоғарылату үшін қолданылатын шаралардың жоспары дайындалып жатыр. Бюджет қаражатынан әлеуметтік аз қамтылған жүкті әйелдерге әлеуметтік көмек беру үшін қаражат бөлінеді, сәбилердің шетінеуіне тосқауыл болатын жүкті әйелдерді ерте тізімдеу шарасы жүргізіліп жатыр.
Қалалық ІІБ бастығының орынбасары Азат Сейілхановтың ойынша, қылмыс санын азайту үшін көңіл көтеретін мекемелердің жұмыс уақытын қысқарту қажет. Жедел жағдайлардың сараптамасы түнгі клубтар жанындағы қылмыстың саны артқандығын көрсетіп отыр.
Облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісінің қорытындысы бойынша Павлодар қаласы екінші тоқсанда бірінші орынға шыққан.