Павлодарда қазақ тілінің халі қандай
Тіл өте күрделі мәселе. Өздеріңіз білетіндей, Павлодар облысында өзге ұлт өкілдері көп, елуде елу (қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің ара қатынасы) болады. Бұл мәселені біртіндеп шешудеміз. Естеріңізде болса, өткен жылғы есептік кездесуімде балабақшалардың барлығын қазақшалайық деп ұсыныс енгізгенмін. Жалпы бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Сонымен қатар бұл бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауға алатын боламыз», - деді Болат Бақауов.
Сонымен қатар өңір басшысы тілшілердің сауалдарына жауап бере келе, Павлодардың ескірген көше атауларын өзгерту мәселелері де қарастырылып жатқандығын айтты .
«Өткен жылы есептік кездесуімде Евгений Азаров есімді азамат: «Қазан төңкерісіне 100 жыл болады. Ендігі уақытта Ленин көшесінің атауын өзгерту қажет шығар», деп ұсыныс енгізген еді. Бұл жұмысқа осы жылдың ішінде кірісеміз. Ал басқа көшелердің атауын біртіндеп өзгертеміз», - деді облыс әкімі.