Павлодарда Қазақстан халқы әндерінің «Тіл - достық құралы» фестивалі өтті

Отыз күн ішінде қалалар мен шалғайдағы ауылдарда жүзден астам байқаулар мен көрмелер, тақырыптық кездесулер мен «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді.
Фестивальдің ашылу салтанатында аймақ басшысының орынбасары Әлия Ғалымова атап өткендей, Павлодар облысы 2011-2020 жылдарға арналған тілдердің дамуы мен қызмет етуінің мемлекеттік бағдарамасын жүзеге асыра бастады. Өміріміздің түрлі салаларына мемлекеттік тілді енгізуге басты назар аудара отыра, облыста тұрып жатқан диаспоралар тілдерін сақтау мен дамытуға да көп көңіл бөлінуде.
Фестивальға қатысушылар ұйымдастырған көрме сөрелерінде халық шеберлерінің қолөнер туындыларымен қатарласа туған тілді үйренушілерге арналған әдістемелер орналасыпты. Ұлттық қайта өрлеу мектептерінің оқушыларына арналған оқулықтардың бір бөлігі тілдерді дамыту басқармасының қолдауының арқасында басылған.
«Тіл - достық құралы» фестивалі облыстың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен ұйымдастырылған әсерлі концерттік бағдарламамен аяқталды.