07:30, 22 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Павлодарда «Қазақстан халықтарының кітапханасы» оқу залы ашылды
ВЛОДАР. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Қазақстан халықтарының кітапханасы» деп аталатын жаңа оқу залы ашылды, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Оның қорында республикада тұратын халықтар тіліндегі үш мың кітап бар. Кітап сөрелері ұлттық диаспора мүшелері мен студенттер әкелген жаңа басылымдармен толыға түспек.
«Шиллер мен Гетені олардың ана тілінде оқығанның артықтығы жоқ, - деді «Қазақстан халықтары кітапханасының ашылуында ПМУ ректоры Ерлан Арын. - Янко Купаланы беларус, Тарас Шевченконы украин немесе Абайды қазақ тілінде тыңдағанға не жетсін! Біздің республикамызда Преиденттің ұлт саясатының арқасында тілдерді үйренудің бірегей мүмкіндігі жасалған. Біз бұл саясатты қолдаймыз».