Павлодарда «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 143 салымшысы қоныс тойларын тойлауда

ПАВЛОДАР. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында 143 отбасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған жалпы ауданы тоғыз мыңнан астам шаршы метрді құрайтын тоғыз қабатты екі үйдің тұрғындары атанды.
None
None

Салтанатқа қатысқан аймақ басшысы Ерлан Арын жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.

«Биыл Қазақстанның барлық аймақтарында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы басталды. Облысымызда тұрғын үйдің 116,4 мың шаршы метрі салынады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Олардың ішінде 30 мың шаршы метрден астамы жинақ құрылысының жинақтамалары бойынша бой көтерді. Бүгін алғашқы қоныстанушылардың жеке баспана туралы армандарының орындалғанына ризамын», - деп атап өтті Е.Арын.

Жаңадан қоныстанушылардың барлығы - жеңілдік пайыздарымен несие алған «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары. Олардың арасында Инновациялық Еуразиялық университетінің доценті Абылай Жүнісовтың, «Аджип ККО» компаниясының инженері Станислав Тормасовтың, жекеменшік кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің отбасылары бар.

Соңғы жаңалықтар