Павлодарда көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табыс етілді

ПАВЛОДАР. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласының әкімі Бақытжан Жоламанов сейсенбі, сәуірдің 6-сы күні 55 көпбалалы анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыс етті, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
None
None

Аналарды осынау марапаттарымен құттықтаған қала басшысы: «Отбасы адамзат құрған ең ұлы құндылықтардың бірі болып табылады. Қоғам мен мемлекет оны сақтауға және нығайта түсуге мүдделі», деп атап көрсетті.

Әкімнің қабылдауында алты бала тәрбиелеп отырған Ырыскүл және Марат Оңғаровтар бірге келді - олардың бес баласы дарынды балаларға арналған мектепте оқиды, алтыншысы енді бірінші сыныпқа барады. Көпбалалы әке өз сөзінде, келешекте олардың отбасы алтын алқадан үмітті екенін, балалы үй - базар екенін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар