13:21, 03 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Павлодарда мас жүргізуші зейнеткерді басып кетіп, ажалына себеп болды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «BMW» маркалы көлігін басқарып келе жатқан 1988 жылы туылған 27 жастағы ер адам орташа дәрежеде мас күйінде 78 жастағы әйелді басып кетті.
ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, зардап шегуші қарсы бағыттағы көлік ағынын бөліп тұрған желіде тұрған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел оқиға орнында жан тапсырды.
Оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші Короленко-Лермонтов көшелерінің қиылысында «ВАЗ-2172» маркалы көлігімен соқтығысып, полиция қызметкерлеріне ұсталды.
ҚР ҚК 345-б, 3-б., 347-бабы бойынша сот алды тергеу басталды. Сот күдіктіге қатысты тұтқындау туралы бұлтартпау шарасын қабылдады.