Павлодарда майдангер-суретшілер Иван Лагутин мен Ипполит Виноградовтың көрмесі ашылды

ПАВЛОДАР. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодарда Жеңістің 68 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қылқалам шеберлері Иван Лагутин мен Ипполит Виноградовтың (1925-1996) төл туындыларының көрмесі ашылды.
None
None

Көрмеге кеңестік-фин соғысына, Ленинград түбіндегі және Карелиядағы ұрыстарға қатысқан павлодарлық суретші, фотограф және өлкетанушы Иван Лагутиннің майдан суреттері ұсынылған. Ол биылғы жылы бір ғасырлық мерейтойын атап өтпек.

Мүсінші Ипполит Виноградовтың туындылары да аймақ жұртшылығы үшін таңсық емес. Ол қалалық жеңіс саябағындағы Даңқ ескерткішінің авторы. Майдангердің «Балеринаның портреті» және кинорежиссер Шәкен Аймановтың мүсіні халық арасында кеңінен танымал.

Соңғы жаңалықтар