Павлодарда мектеп жасына дейінгі балалар интеллектуалды «Жауқазын» олимпиадасына қатысты

ПАВЛОДАР. 6 қаңтар. /Вера Ливинцова/ - Кеше Павлодарда алғашқы рет балабақшаға баратын бүлдіршіндер үшін интеллектуалды «Жауқазын» олимпиадасы басталды.
None
None

Логикалық және шығармашылық ойға негізделген тапсырмаға қаланың қазақ және орыс тілінде тәрбие алып жатқан 35 мектепалды дайындық мекемесінен 68 бүлдіршін қатысты.

 Наурыздың соңында өтетін бұл байқаудың қорытынды кезеңіне 33 тәрбиеленуші қатысатын болды. Жас жеңімпаздар алдағы уақытта дарынды балаларға арналған мектепке конкурстан тыс өтулеріне мүмкіндік алады. 

 Балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиелеушілері үшін баланы мектепке дайындау мәселесі бойынша қазақ және орыс тілінде семинар ұйымдастырылды. Павлодар жоғары оқу орындарының ғалымдары ата-аналар үшін «Дарынды балалар» атты шеберлік сабағын өткізді.

Соңғы жаңалықтар