09:42, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Павлодарда мемлекеттік тілге деген ықылас артып келеді
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Халықтың қазақ тіліне деген ықыласы артып келеді. Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Талғат Әбілқасымов бейсенбі күні Павлодарда өткен өзге ұлт өкілдерінің арасындағы мемлекеттік тіл білгірлерінің облыстық форумында осынау оң үрдіс туралы мәлім етті.

Өзге ұлттардың жастары қазақ тілі конкурстарына белсенді атсалысуда, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы өткізетін патриоттық әндер фестивалі дәстүрге айналып отыр. Курстарда мемлекеттік тілді үйренуші жас жігіттер мен қыздар тек қазақ тілінде пікірлесетін «Жорға» жастар клубында тілдерін жетілдіруде.
«Ата-аналар өз балаларын мемлекеттік тілді балабақшаларға беруде, орыстілді оқушылар қазақ мектептерінде білім алып жатыр», деп атап көрсетті Т.Әбілқасымов.
Ал ұлттық өркендеу мектебінде облыс аумағында тұрып жатқан 15 ұлттың ана тілдері оқытылады.