Павлодарда мұғалімдердің қалалық олимпиадасы аяқталды

ПАВЛОДАР. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың 11 үздік педагогы мұғалімдердің қалалық олимпиадасының жеңімпазы атанды,
None
None

енді олар облыстық конкурсқа қатысады, деп хабарлады білім бөлімінен.

Олимпиаданың қазылар алқасының құрамына жоғары санаттағы мұғалімдер, жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары кірді.

Жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша жарыстар қашықтықтан өтті. Ал гуманитарлық пәндердің 182 мұғалімі, олардың 58-і - қазақ мектептерінің мұғалімдері, көпшіліктің алдында өз шеберліктерін және әдістемелік білімдерін көрсетті. Олар - қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдері, Қазақстан тарихы пәндерінің мұғалімдері мен бастауыш сыныптардың педагогтары.

Соңғы жаңалықтар