08:15, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Павлодарда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 10 жылдығына арналған көрме ашылды
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Бұхар жырау атындағы Әдебиет және өнер мұражайында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 10 жылдығына арналған көрме ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Көрмеге партияның жұмысы туралы баяндайтын құжаттар мен фотосуреттер, нұротандықтардың логотиптері бейнеленген төсбелгілер, медальдар мен футболкалар, т.б. дүниелер қойылған.Көрмеге ең қызықты жәдігер - «Нұр Отан» партиясының жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстанның Тұңғыш Президенті мұражайынан әкелінген жәдігерлері, стендке Елбасының қысқажазбалары жазылған қойын дәптерлері қойылған. Мұражай директорының орынбасары, көрме кураторы Күләш Ақтаеваның айтуынша, қағаз беттеріне түскен қысқажазбалар кейіннен еліміздің дамуы үшін аса маңызды тұжырымдамаларға немесе доктриналарға айналған.Павлодарда көрсетілген мұражай коллекцияларының ішінде әлем елдерінің мемлекеттік қайраткерлерінің тарту-таралғылары бар.
Олар - Англия патшайымы Елизавета ІІ Қазақстан Президентіне тарту еткен камин сағаты, Палестина басшысы Махмұд Аббас тарту еткен мешіт макеті, Хуан.А.Самаранч Н.Назарбаевқа табыс еткен статуэтка.