Павлодарда облыс әкімінің кеңесінде жастар ісі мен жоспарлары талқыланды

ПАВЛОДАР. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодарда облыс әкімі Ерлан Арын басқаратын жастар саясаты кеңесінде жастар ісі мен жоспарлары талқыланды, деп хабарлады ішкі саясат басқармасынан.
None
None

Облыста жастар бастамаларын дамыту орталығы жұмыс істеуде, оның директоры Руслан Рахымжанов аймақта алғаш рет www.zhastar-pvl.kz жастар сайты іске қосылғанын, «Жастар аймағы» («Территория молодежи») атты жастарға арналған телевизиялық бағдарлама эфирге шыққанын атап өтті.

8928 адамды біріктіретін «Жас Отан» жастар қанаты облыс өміріне белсенді атсалысуда. Бір жылдың ішінде оның белсенділері жаңа ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге жоспарланған шамамен 250 шара өткізді.

Облыста жастардың проблемаларын шешетін 68 үкіметтік емес ұйымдар тіркелді, олардың 14-і - ауылдық аймақтарда. Өңірдің 220 оқу мекемесінде мектеп оқушыларының ұйымдары жұмыс істеуде, «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымы кеңеюде, Павлодар облыстық ҚХА-да жастардың 16 этномәдени бірлестігі бар.

Соңғы жаңалықтар