Павлодарда облыс әкімінің төрағалығымен құқық бұзушылықтар мен қылмыстылықтың алдын алу мәселелері талқыланды
және құқық бұзушылықтардың алдын алу ведомствоаралық комиссиясының бірлескен отырысында Павлодар облыстық білім басқармасы мен ішкі істер департаментінде жемқорлықтың көзі болып отырған құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі қаралды, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
Облыс әкімі қалалар мен аудандардың, департаменттер мен басқармалардың басшыларына ішкі аудит және бақылау қызметтерінің жұмысын белсендендіруді, барлық мемлекеттік органдарда бірінші басшылардың жеке бақылауында жұмыс істейтін тәртіптік комиссияларды құруды тапсырды.
Отырыста жолдардағы қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінді - аймақта адам өліміне әкеліп соқтыратын жол-көлік апаттарының саны артты. Аймақ басшысы жол апаттары жиі болатын қалалық көшелер мен қала сыртындағы тас жолдарындағы жағдайды талдап, жол қауіпсіздігін күшейту бойынша шараларды өңдеп шығаруды ұсынды.
Облыстық білім басқармасына, қала және аудан әкімдеріне мемлекеттік қызмет көрсетулердің электрондық нұсқасына толық өту және «Нұр Отан» ХДП-ның аймақтық филиалдарымен белсендірек өзара әрекеттесу ұсынылды.