Павлодарда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттері талқыланды

Облыс әкімі агроөнеркәсіптік кешендегі стратегиялық міндеттер ретінде ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалануды айтты. Мәжілісте «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020», Үдемелі индустриялық-инновациялық даму (ҮИИД) және «Өндірушілік-2020» мемлекеттік бағдарламаларын орындау нәтижелері талданды.
«2010-2014 жылдарға арналған ҚР ҮИИД бағдарламасы бойынша Павлодар облысында 1,2 триллион теңгеден астам инвестицияны құрайтын 169 жоба іске асырылуда, олардың арқасында 13,8 мың жұмыс орны құрылады, деп мәлімдеді кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Қанат Шәбенов. «Өткен жылы облыста 79 млрд. теңгені құрайтын 54 инвестициялық жоба іске асты, 870 жұмыс орны ашылды. 2012 жылы облыста 2245 жұмыс орнын құра отырып, 149 млрд. теңгенің 55 жобасын іске қосу жоспарланып отыр».
«Құрылып жатқан кәсіпорындарды үнемі қадағалауда ұстау қажет»,- деді Е. Арын.