08:08, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
Павлодарда оқушылардың «Арт-Экшн» фотобайқауы өтті
ПАВЛОДАР. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодарда оқушылардың «Арт-Экшн» фотобайқауы өтті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Көркемөнер саласында алғашқы қадамдарын жасап жүрген 20 жас суретші көрме жеңімпаздарын өздері анықтады.
Олар «Бейне», «Мен және біз», «Табиғат», «Экстрим», «Кіші достарымыз», «Гүл шоғыры», «Балалық шақ», «Сюжет» аталымдары бойынша дауыс беру арқылы 400 жұмыстың ішінен ең үздік суреттерді таңдады.
Бас жүлде №1 мектептің жетінші сынып оқушысы Влад Андреенкоға берілді.
Ересек сарапшылардың пікірінше, ұсынылған жұмыстардың арасында қызықты шығармашылық суреттер өте көп.