Павлодарда олыстық ҚХА-да қазақ тілін кеңінен қолдану мүмкіндіктері талқыланды

Облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, ұлттық қайта түлеу мектептерінің мұғалімдері және мемлекеттік органдардың өкілдері Мемлекет басшысының Жолдауында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясында тақырыптық және мерекелік кештерді, көрмелерді өткізуде қазақ тілін кеңінен қолданудың елеулі тәжірибесі жинақталған. Ассамблеяның жастар қанаты «Жорға» клубында мемлекеттік тілді белсенді оқып-үйренуде. Ұлттық қайта түлеу мектептерінің оқытушылары балаларды оқытуда жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу тәжірибесі жөнінде әріптестерімен бөлісті. Ұлттық қайта түлеу мектебінің барлық 16 бөлімшесінде қазақ тілін үйренуге зор көңіл бөлінуде.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Талғат Әбілқасымов этнобірлестіктер кітапханаларына «Мемлекеттік тіл саясаты» кітабын сыйға тартты және этномәдени бірлестіктер жетекшілерін мемлекеттік тілді оқыту және насихаттау жөніндегі ынтымақтастыққа шақырды.
«Дөңгелек үстелде» Павлодар облысында аймақта тұратын этностардың тілін үйренуге және дамытуға барлық жағдайлар жасалғаны атап өтілді.