07:41, 29 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Павлодарда Омбы қаласының мәдениет күндері аталып өтіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл қазан айының 14-15 күндері аралығында Павлодарда Омбы қаласының күндері тойланады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ардақ Райымбеков хабарлады. - Екіжақты рухани-мәдени қарым-қатынасты нығайту мақсатында Павлодар қаласына Омбыдан 70-ке жуқы делегат ат басын тірейді. Бұл күндері бизнес өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, меморандумдарға қол қойылады. Кездесу шеңберінде Омбы қалалық кітапханасына павлодарлықтардың атынан 100-ден астам әдістемелік оқулықтар табысталады, - деді А. Райымбеков. Сондай-ақ, сапар барысында спорттық шаралар да өтеді. Облыстық көркемсурет мұражайында «Омбы қаласының 350 жылдығы» тақырыбында қонақтар фотокөрме өткізіп, өнерпаздар Естай атындағы мәдениет сарайында концерттік бағдарламасын ұсынады.