Павлодарда өңір мектептеріндегі педагогикалық сыныптардың оқушылары арасында олимпиада өтті

ПАВЛОДАР. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Мейрам қарсаңында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің (ПМПУ) қабырғасында өңірдегі мектептердің педагогикалық сынып оқушыларының олимпиадасы аяқталды. Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабар таратып отыр.
None
None

Биылғы жылы педагогикалық сыныптарда 560 бала білім нәрімен сусындаған. Жыл бойы ПМПУ оқытушылары он-лайн тәртіпте сабақ өткізіп, болашақ кәсіптің ерекшелігімен таныстырды.

Болашақ ұстаздардың білім тартысында 10 ауданның және Ақсу қаласының 11 сынып оқушылары бақ сынады.

Олимпиаданың тапсырмалары шеңберінде оқушылар өздерінің қиялдарын паш етіп, болашақтағы мектептің үлгісін жобалады. Ал «Біздің мұғалімдер» байқауында олар кәсіпті таңдауға әсер еткен ұстаз жайлы әңгімеледі.

Білім тартысының барлық кезеңдерінде сәтті өнер көрсеткен №2 Баянауыл мектебінің «Прометей» құрамасы қарсыластарын шаң қаптырды. Олардың әрқайсысына ПМПУ-дың білім алу гранттары мен бірінші дәрежелі дипломдар табысталды.

Соңғы жаңалықтар