Павлодарда өтетін жаппай велошеру кейінге шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда 29 мамыр күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Олимпиада күні қарсаңында өтетін жаппай велошеру кейінге шегерілді.
None
None

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасынан мәлім етті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Бұдан бұрын 29 мамыр өтетін жаппай велошеруге әртүрлі жастағы 750 адам қатысатындығы айтылған болатын. Ол қаладағы Мемлекеттік рәміздер алаңынан басталып (Лермонтов - Кутузов көшелерінің қиылысы), «Мәңгілік алау» саябағында өз мәресіне жететіндігі хабарланған еді.
Велосипедпен жүріп өтетін жолдың ұзақтығы - 10,5 шақырым.

Соңғы жаңалықтар