09:16, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
Павлодарда өткен студенттік конференция халық мұраларын жастар арасында насихаттауға арналды
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Сәрсенбі, сәуірдің 7-сі күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткен студенттік конференция жастар арасында халық мұраларын кеңінен насихаттау мәселесіне арналды, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
Болашақ мұғалімдер батырлар эпостарын, лирикалық эпостарды жатқа жырлап, қазақ авторларының діни трактаттарын оқыды, жас тыңдаушылар өз пікірлері мен ойларын ортаға салды.
«Мәдени мұра - ел байлығы» деген тақырыпты арқау еткен конференция ұлттық мәдениетімізді өркендетуді және сақтауды мақсат еткен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында өтті.