Павлодарда педагогтар әулетіне құрмет көрсетілді

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Ұстаздар күніне орай Достық үйінде Павлодар облысының педагогтар әулетіне құрмет көрсетілді.
None
None

Бұл туралы облыстық әкімдіктің ресми сайтында хабарланған.

Өңірдің жеті ауданынан бір отбасында үш және одан да көп ұрпағы мұғалімдік жолда жүрген 8 отбасы мен педагогикалық өкілі 50 жыл және одан да артық отбасылар шақырылды.

Кездесу облыс білім беру саласын дамыту туралы әңгімеге ұласып, әрбір отбасы өз тарихы мен жетістіктерін айтты, ән шырқап, өлең оқыды. Бес саусағынан өнер тамған шебер мұғалімдердің сәндік-қолданбалы өнер экспонаттарының көрмесі ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсімде облыс әкімінің атынан әрбір отбасына сыйлыққа компьютер табысталды.

Шара соңында М. Катаев атындағы оқушылар сарайы мен «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің балалар ұжымдары өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар