Павлодарда президенттік шырша өтті

ПАВЛОДАР. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласындағы «Астана» мұз айдынында 150 балаға арналған президенттік шырша өтті.
None
None

Оған мүгедек, жетім балалар, облыстың қалалары мен ауылдарынан келген оқу озаттары шақырылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, президенттік шырша шарасын өткізді.

Сондай-ақ балаларды теледидар арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.

Осы кеште әр бала сыйлықтарға ие болып, қуанышқа бөленді. Оларға жылы күртеше мен бас киім, спорттық костюм мен аяқ киімі, сондай-ақ кітаптар мен мектепке қажетті құралдар бар сөмке, бір дорба «тәтті» сыйлықтар берілді.

Соңғы жаңалықтар