Павлодарда «Студент жастар - жол қозғалысының қауіпсіздігін қолдайды» деген акция өтеді

ПАВЛОДАР. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Наурыздың 1-інен бастап Павлодарда «Студент жастар - жол қозғалысының қауіпсіздігін қолдайды» деген акция басталады,
None
None

деп хабарлады С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің баспасөз қызметінен.

Жастар жол-көлік оқиғаларында жарақаттану проблемаларына қала тұрғындарының назарын осылайша аудармақ.

Шараға қатысушылар облыстың жол полициясы басқармасының инспекторларымен бірлесіп, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндіреді, үгіт-насихат материалдарын таратады. Бұл шараны ұйымдастырушылар сондай-ақ, жастар арасында жол қозғалысының ережелері бойынша емтихан өткізеді. Ережені жақсы білетіндерге бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Соңғы жаңалықтар