18:50, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Павлодарда «Таңшолпан» республикалық би байқауы ашылды
ПАВЛОДАР. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Павлодарда «Таңшолпан-2009» республикалық IV балалар би байқауы салтанатты ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ертістегі қалаға Қазақстанның барлық аймақтарынан балалар үйлерінің таңдаулы би ансамбльдері келді. Жас өнерпаздарды ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Жұмажан Жүкеноа пен облыс әкімінің орынбасары Рысты Жұмабекова құттықтады. Би мерекесі ертең басталады. Бүгін қонақтар халықаралық балалар күніне арналған қалалық мерекеге қатысты, «Достық үйінде» экскурсияда болды, ұлттық өрлеу мектебінің оқушыларымен танысты, Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар ұжымдарының концертін тамашалады. Балалар сондай-ақ тарихи-өлкетану және көркемсурет мұражайларында болып, Ертіс өзенінде теплоходпен саяхат жасайды, Павлодардың көрнекті орындарында болады. Облыстың жетекші би өнері мамандары жас бишілер үшін шеберлік сыныптарын өткізеді.«Таңшолпан-2009» республикалық ІV байқауы маусымның 3-інде аяқталады.