Павлодарда тежегіші істен шыққан автобус аялдаманы қиратты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда тежегіші істен шыққан №14 автобустың жүргізушісі Чкалов көшесі бойындағы Комсомольская аялдамасын бұзып өткен.
None
None

Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бибол Жұмановтың айтуынша, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды pavlodarnews.

«Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша өндіріс қозғалды. Сот шешімімен көлікті басқарған азамат аялдаманың шығынын өтейді. Бұл ретте, жолаушылар көлігінің №1 автобус паркінде техникалық тексеруден өткен-өтпегендігі де анықталады», - деді Б. Жұманов. №1 автобус паркі басшысының міндетін атқарушы Надежда Игизбаеваның айтуынша, көлік күн сайын автопарктен шығар алдында техникалық бақылаудан өтеді.

Соңғы жаңалықтар