Павлодарда «Тіл - достық құралы» облыстық фестивалі өтті
«Бұл фестиваль еліміз үшін айтулы уақытта өтіп жатыр. 2015 жылы біз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, ҚР Конституциясының 20 жылдығын мерекелеп отырмыз. Конституция халық бірлігін бекітті, қазақстандағы ортақ тарихи тағдыры бар барлық ұлыстардың азаматтарын біріктірді. Қазақстан - көптілді ел және біздің көптілдігіміз кез келген елде орын ала алатын әлеуметтік күйзелістерге қарсы иммунитетіміз. Әлеуметтік әл-ауқатымыз төзімділігімізге, бір-бірімізге шыдамдылығымызға, мемлекеттік, орыс және өзге тілдерге құрметпен қарауымызға байланысты», - деп атап өтті тілдерді дамыту басқармасының басшысы Қабжан Еділбай.
«Бұл фестиваль өте маңызды, себебі аймақтағы барлық ұлыс өкілдерінің қатысуымен өтіп жатыр. Біздің елімізде кез келген ұлыс қазақстандық қоғамның маңызды және үйлесімді бөлігі болып табылады», - деп атап өтті Қ.Еділбай.
Фестивальда әкімдіктің облыстық ҚХА белсенділеріне Алғыс хаттары табысталды.