Павлодарда ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін Вадим Ковальчук басқаратын болды. Тиісті өкімге Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов қол қойды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

1975 жылы туған Вадим Ковальчуктың жоғары экономикалық білімі бар, 2001 жылы экономист-қаржыгер біліктілігі бойынша Павлодар университетін тәмамдады.

Еңбек қызметін 1994 жылдың қараша айынан № 3 тұрғын үй іске қосу учаскесінің бас инженері болып бастады. 2001 жылдың наурыз айынан бастап 2002 жылдың қаңтар айына дейін және 2002 жылдың шілде айынан бастап 2006 жылдың қыркүйек айына дейін «Павлодарэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шебері, желі учаскесінің бастығы, кварталдық құбыр жүргізу учаскесінің бастығы болып қызмет етті.

«Павлодар жылу желілері» акционерлік кәсіпорындарында түрлі лауазымдарда жұмыс атқарды.

Осы жылдың шілдесінде «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды, онда қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар