Павлодарда тропикалық көбелектердің көрмесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтардың 2-ші жұлдызында Павлодар облыстық көркемсурет музейінде тропикалық көбелектердің көрмесі өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Көрмені тамашалауға келгендер гүлден-гүлге еркін ұшып жүрген сұлу жаратылыс иелерін көре алады. Жолы болғандар арнайы аппараттарда қабыршақ қанаттылардың дүниеге келуіне куә болады. Аталмыш көрмеде тропикалық көбелектердің 15 түрі болады. Олардың қатарында ең ұзақ ғұмыр кешетін тіршілік иелерінен бастап, көлемі 30 сантиметрді құрайтын көбелектер де бар.

Көрмеге келгендер қабыршақ қанаттылармен суретке түсу мүмкіндіге ие болмақ.

Соңғы жаңалықтар