Павлодарда Ұлттық жаңғыру мектебі 15 жылдай жұмыс істеп келеді

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодарда 15 жылдан астам уақыт бойы ерекше оқу орны деп атауға болатын Ұлттық жаңғыру мектебі жұмыс жасап келеді. 1997 жылы құрылған бұл мектепке ұқсас оқу орындары бүгінде республика бойынша жоқтың қасы.
None
None

Ұлттық жаңғыру мектебінің негізгі мақсаты - Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этностарға ана тілін үйрету. Онда ұмыт болған өз ана тілдерін үйреніп жатқан балалардың саны бүгінде 500-ге жеткен. Мектепте түрлі халықтардың салт-дәстүрі мен тілін үйрететін 14 бөлім бар. Жуырда тағы бір бөлім ретінде аспаздыққа баулу сыныптары ашылды. Онда білім алатын оқушы қыздер өз ұлтының дәстүрлі тағамдарын жасауды үйренуде.

Мектеп директоры Ербол Айтқұловтың айтуынша, Павлодар облысы осындай мектепті алғашқылардың бірі болып ашты. Ол осы бастаманы одан әрі дамыта түсуді көздеп отыр.

«Біз жуырда Ақсу, Екібастұз сияқты моноқалаларда осы оқу орнының филиалдарын ашуды жоспарлаудамыз. Ол қалаларда Павлодардағыдан да көп ұлт өкілдері тұрады. Оларға өз ұлтының салт-дәстүрін үйрететін мектептер ашып берсек, керемет болар еді деп ойлаймын», - дейді Е. Айтқұлов.

Мектеп директорының алға қойған мақсаттарының бірі - аталмыш мектепті білім беру жүйесінің құрамына енгізу. Бұл ұстаздар қауымын көптеп тартуға көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар