Павлодарда Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған митинг өтті

ПАВЛОДАР. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығы құрметіне «Батырларға тағзым!» еске алу мен аза тұту митингі болып өтті.
None
None

Митингте аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев ардагерлерге алғыс айта келе: «Сіздер әлі де қатардасыздар, өз білімдеріңізбен және тәжірибелеріңізбен бөлісіп, бізді төзімділік пен қиындықтарды мойымай жеңе білуге үйретіп келесіздер. Біз сіздерді мақтаныш тұтамыз» - деді.

Соғыстың өткелең замандары мен жауынгерлік ерлігі туралы баяндай келе, Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Гарусов облыс басшылығына өздеріне көрсетіп отырған қолдауы мен қамқорлығы үшін алғыс айтты. «Біз Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен гүлденген Қазақстанды құрып жатқан бейбіт елде өмір сүріп отырмыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар