07:58, 17 Қазан 2012 | GMT +5
Павлодарда Успен, Шарбақты, Железин және Қашыр аудандарының күндері өтеді
ПАВЛОДАР. 17 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысының тұрғындары алдағы жылдың басында атап өтетін өңірдің 75 жылдығы құрметіне орай, бүгін Павлодарда Успен, Шарбақты, Железин және Қашыр аудандарының күндері өтеді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараны қаланың үш базарында өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкелері бастайды. Мұнда аудандардың агрокәсіпорындары мен шаруа қожалықтары қала тұрғындарына егістік, ферма және өңдеу цехтарының өнімдерін базардағыдан төмен бағамен ұсынатын болады.
Қалалық Мәдениет сарайында төрт ауданның жетістіктерінің көрмелері ашылады, сондай-ақ ауылдардың үздік шығармашылық ұжымдарының үлкен концерті өтеді.