Павлодарда үй құрылысы комбинаты іске қосылды

ПАВЛОДАР. 3 шілде. ҚазАқпарат - Павлодар үй құрылысы комбинатында алғашқы сынамалы құрылыс блогы құйылды.
None
None

Мұнда жоғары зауыттық дайындық дәрежесіндегі ғимараттарды тұрғызу үшін ұлғайтылған элементтердің өндірісі ұйымдастырылған. Бұл - тұрғын үйлердің блок-секциялары - бөлмелер, лифт шахталары, сантехникалық кабиналар, қосалқы бөлмелер. Оның көмегімен көпқабатты ғимаратты бір жарым айдың ішінде құрастырып шығуға болады және оның шаршы метрінің бағасы кірпіштен салынған тұрғын үйге қарағанда едәуір арзанырақ болады.

«Үй құрылысы комбинатының технологиялары мен өнімдері сұранысқа ие болады, аймақ оны қарқынды дамитын кәсіпорын және сенімді серіктес ретінде көреді», - деді зауыттың іске қосылу салтанатына қатысқан өңір жетекшісі Ерлан Арын.

Комбинатты құру бойынша жобаны «ВитаЖолҚұрылыс» ЖШС павлодарлық филиалы өз қаржысына жүзеге асыруда. Оның құны 2,1 млрд.теңгені құрайды.

Зауытта жылына 40-45 мың шаршы метр блок құрамалары шығарылады, деп нақтылады кәсіпорынның директоры Вячеслав Чеканников.

Әрқайсысының жалпы көлемі 7790 шаршы метрді құрайтын екі 12 қабатты тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары қолға алынған.

Соңғы жаңалықтар