Павлодарда жалған ақша жасаған жасөспірімдер қолға түсті

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Жалған ақша жасайтын цехтердің көп бөлігі Павлодар облысында әшкереленді (4 цех), онда тіпті кәмелет жасқа толмағандардың жалған ақша жасаумен айналысу фактісі анықталды. Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифингте аталмыш ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, жалған ақша жасағаны мен сатқаны үшін кәмелет жасқа толмаған М. Даньшин, А. Протопопов және В. Фурса есімді жасөспірімдер сотталды. Олар 500 теңгелік 303 дана жалған банкноталарды сатқаннан кейін қолға түскен. Бұл жалған ақшалар да дербес компьютерде жасалған.

«Даньшин шартты түрде 1 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, сонымен қатар, ол ерекше тәртіптегі білім беру ұйымына 1 жылға орналастырылды. Протопопов және Фурса шартты түрде 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - деп атап өтті ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар