Павлодарда жас отбасыларға арналған үш үйдің құрылысы басталуда

ПАВЛОДАР. 14 наурыз. ҚазАқпарат - «Бір жарым айдан кейін үш үйдің құрылысы басталады, олар 2014 жылы пайдалануға беріледі.
None
None

Кезекте тұрған 560 жас отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. 2020 жылға қарай жас отбасылар үшін аймақта жалпы 1650 пәтер салынады», - деп мәлім етті кеше Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын қаланың жас тұрғындарымен кездесуі барысында.

Аймақ басшысымен өткен кездесуде жас павлодарлықтар мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан тұрғын үйді алу шарттары мен тетіктері туралы толық ақпарат алды.

Оның бағасы екінші нарықтағы бағадан анағұрлым аз. Арендалық баспана жайлылық деңгейінің үшінші және төртінші санаттарына сәйкес келеді.

Биылғы жылы Павлодарда бағдарламаның түрлі бағыттары бойынша он бір тұрғын үйдің құрылысы басталады.

Соңғы жаңалықтар