09:14, 08 Мамыр 2013 | GMT +5
Павлодарда Жеңіс күніне орай Кеңес Одағы Батырларының мүсіндерін ашу рәсімі болады
ПАВЛОДАР. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда Жеңіс саябағының Даңқ аллеясында салтанатты түрде Кеңес Одағының Батырлары Николай Бердниковқа (1913-1983), Дмитрий Потаповқа (1911-1974), Иван Суптелге (1919-1975) арналған мүсіндер ашылмақ.

Майдангерлер - Ресей тумалары, бірақ соғыстан кейінгі жылдары Павлодар облысында еңбек етті.
Сондай-ақ, Даңқ мұражайында «Біз сені ұмытпаймыз, жауынгер!» экспозициясы да өз жұмысын бастамақ.
Жеңіс күніне орай шаһардың орталық жағалауында жеңіл атлетикадан жарыс өтеді. Оған спортшылар, студенттер мен мектеп оқушылары қатысады.