07:35, 12 Мамыр 2010 | GMT +5
Павлодарда «Жол картасы» үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
ПАВЛОДАР. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Сәрсенбі күні Павлодарда «Жол картасы» үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді,
деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Ең көп сұраныс туып отырған кәсіптердің арасында тас қалаушылар, электр монтажшылары, ағаш шеберлері, бетоншылар, сылақшылар мен бояушылар бар.
Павлодар облысында «Жол картасы 2010» бағдарламасы бойынша 167 нысанды қайта жаңартуға 6,1 миллиард теңге бөлінген. 6137 жұмыс орны құрылады.
Қазіргі таңда 77 нысанда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, қалған жұмыстар мамыр айының ішінде басталады.