Павлодарда жыл басынан телефон алаяқтығының 45 дерегі тіркелді

ПАВЛОДАР. 3 шілде. ҚазАқпарат - Павлодарда 81 жастағы кейуанаға белгісіз ер адам хабарласып, өзін тәртіп сақшысы ретінде таныстырған.
None
None

Ол зейнеткерге адамды соққыға жыққаны үшін немересі ұсталғанын, оны абақтыдан арашалап қалу үшін ақша қажет екенін айтқан. Алаяқтың сөзіне шүбә келтірмеген кейуана бар қаржысы - 450 мың теңгені бере салған. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Дәл осындай жолмен қаскөйлер 66 жастағы әйелді арбап, 300 мың теңгесін тартып алған. Егде тартқан адамдар ойланбастан-ақ бар жиған-тергендерін алаяқтарға табыстап, содан кейін ғана туыстарына хабарласып, тәртіп сақшыларына жүгінген.

Аталмыш барлық оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстарды жасауға қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында жедел -здестіру шаралары қолға алынды.

Тәртіп сақшылары басы бәлеге қалған туыстарды ақшамен құтқару ұсынысы түскен жағдайда, полицияға хабарласу қажеттігін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар