12:55, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
Павлодардағы 1 мамырдағы шеруде барша халық көпұлтты Қазақстанның бірлігін сезінеді
ПАВЛОДАР. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының отырысында Павлодарда Тәуелсіздіктің 20 жылдығындағы Қазақстан халқы бірлігі күнін кең ауқымда атап өту туралы шешім қабылданды.
«Бұл күні әдеттегідей үйреншікті «дөңгелек үстелдер», кездесулер мен концерттер ғана ұйымдастырмау керек», - деп атап өтті Т.Шевченко атындағы украиндық мәдениет серіктестігінің төрағасы Михаил Парипса. - ҚР Президенті атап өткендей, «1 мамыр - бірліктің ерекше мерекесі». Біз бұл күнді барша халық көпұлтты Қазақстанның бірлігін сезінуі үшін жарқын шерумен атап өтуіміз қажет».