08:55, 05 Сәуір 2010 | GMT +5
Павлодардағы Ардагерлер скверіне соғыс жылдарының әскери техникасы қойылады
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жеңістің 65 жылдығын тойлау қарсаңында Павлодардағы Ардагерлер скверіне Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінің зениттік пушкасы мен 122 мм гаубицасы қойылады, деп хабарлады қорғаныс істері жөніндегі департаментің бастығы Асаин Алдажаров.
Бұл тынымбаққа орнатылғанына көп жыл болған Т-34 танкіне павлодарлық ардагерлер әлі күнге дейін немерелері мен шөберелерін ертіп келеді.
Жеңіс күні Павлодардың орталық алаңында әскери бөлімдер мен полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитет әскерлерінің, шекарашылардың, заң колледжі студенттері мен кадеттердің қатысуымен әскери парад өтеді.
Павлодар облысының атынан 10 ардагер Астанада өтетін мерекелік шараға қатысса, тағы екі ардагер Мәскеуде мерейтойлық парадқа қатысады.