Павлодардағы ескі үйдің тұрғындары баспаналарын үш кезеңмен жөндеуден өткізуде

ПАВЛОДАР. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы Сормов көшесінде орналасқан №8 үйдің тұрғындары екінші рет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының қатысушылары болды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Өткен жылы ғимараттың шатыры мен үйдің алды жөндеуден өткізілсе, биыл ескі ағаш терезелердің жақтаулары заманауи пластикалыққа ауыстырылуда.

«Біздің үйіміздің салынғанына 57 жыл болды, соңғы жылдары ол әбден тозды. Шатырдан үнемі су ағатын. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы туралы естіген кезде бүкіл үй болып оған қатысуды шештік. Нәтижесіне ризамыз, сондықтан биыл терезелерімізді ауыстырудамыз. Бұдан басқа, мердігерлер көп ұзамай кіре берісте күнқағар орнатады, жұмыстар тамыздың ортасына қарай аяқталады. Екінші жөндеу 2 миллион 395 мың теңгені құрайды».

Бірақ үйдің жаңартылуы осымен аяқталмайды - келесі жылы тұрғындар кіреберістерді жөндеп, жылу торабын жаңаламақшы.

Биыл Павлодар облысының қалаларында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша 84 тұрғын үй жөндеуден өтті, сегіз ғимаратта жұмыстар аяқталды.

Соңғы жаңалықтар