09:24, 20 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Павлодардағы Инновациялық Еуразиялық университетінде ағылшын тілін оқытудың инновациялық әдістері енгізілуде
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы Инновациялық Еуразиялық университетінде шет тілдерін оқытудың инновациялық әдістеріне арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті, деп хабарлады оқу орнының «Ағылшын филологиясы және аударма ісі» кафедрасынан.

Оқу орнының профессоры Татьяна Зенкова шет тілдерін оқытудың жалпыеуропалық жүйесі туралы әңгімелеп берді және студенттің тілдік қорына қойылатын талаптарға тоқталып өтті.
Семинарға қатысушылар тілдерді оқытудың инновациялық әдістеріне жасалған шолумен танысты. Бейбітшілік корпусының еріктісі Эмили Маклберг ағылшын тілін оқыту тәжірибесімен бөлісті. Семинарда талқыланған жаңашыл әдістердің көбісі кафедрада табысты қолданылып келеді, оқу үдерісіне енді-енді енгізіліп жатқан әдістер де баршылық.