17:02, 15 Сәуір 2011 | GMT +5
Павлодардағы ҚХА-ның жас көшбасшылары үш тілді меңгеруге талпынып, өздерін ел болашағына жауаптымыз деп санайды
ПАВЛОДАР. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - - Этномәдени бірлестіктердің жастарынан құралған он команда «Жас көшбасшы» байқауына қатысты,
деп хабарлайды Павлодар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар бірлестігі үйлестіру кеңесінің төрағасы Наталья Нефедова.
Үш тілді және Қазақстан тарихын білуі мен ел болашағын қалай көретіндіктері туралы пікірталас бойынша өткен бесінші аймақтық байқауды жастар ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнады.
Жарыс қорытындысы бойынша «Жас көшбасшы» атағына татар-башқұрт жастар бірлестігінің командасы ие болды.